Басшылық
Тилеубергенова Улбала Ергалиевна
заместитель главного врача по лечебно-профилактической работеГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"
Мен, Тилеубергенова Улбала Ергалиевна 1982 жылы 9 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылдым.
1988-1998 жылы Түркістан қаласы №16 Т. Бигельдинов атындағы орта мектебін бітірдім.
1998-2004 жылдары аралығында Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ – Түрік университетінің «Емдеу ісі» факультетін «Дәрігер» мамандығын алдым.
2004-2005 жыл аралығында Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық Қазақ – Түрік клиникасының босандыру орталығы базасында «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша интернатурандан өттім.
2017-2020 жылдар аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақсатан мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» бакалавры дәрежесі бойынша жоғарғы білімді диплом алдым.
2005-2011 жылдар аралығында №2 Шымкент қаласының перзентхасында акушер гинеколог дәрігері қызметін атқардым.
2011-2014 жылдар аралығында Шымкент қалалық орталық емханасында аймақтық акушер – гинеколог қызметін атқардым.
2014-2016 жылдар аралығында №2 қалалық емханада акушерия және гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметін уақытша міндетін атқардым.
2016-2020 жылдар аралығында №13 қалалық емханада бас дәрігердің Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасры қызметін атқардым.
2020-2021 жылдары «OTAUMED» клиникасының бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасары қызметін атқарудым.
2021 жылы Жоғары медицина колледжінде оқытушы болып қызмет атқардым.
2021 жылдың тамыз айнан бастап №6 қалалық емханаға акушерия және гинекология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқардым, осы аталған емханада 2022 жылы қаңтардан бастап бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Әр 5 жыл көлемінде негізгі мамандығым бойынша біліктілікті арттыру мақсатында білімімді жетілдіріп отырамын.
Отбасы жағдайым: Тұрмыста болғам. 2 баланың анасымын.
Қызым: Абдикаюмова Жанель Қайратқызы 2004 жылы 9 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің 4 курс студенті. Ұлым: Абдикаюмов Рамазан Қайратұлы 2008 жылы 10 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Шымкент жоғарғы педагогикалық коллдежінің IT факультетнің 1 курс студенті.
Медицина саласының еңбек жолында Денсаулық сақтау басқармасынан, «AMANAT» партиясы атынан, Шымкент қаласының әкімі атынан, «Әділ билер» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан, «АVITSENNA» жоғары медицина колледжі атынан алғыс хаттармен және медальдармен марапатталғанмын.
2016 жылы «Қазақстанның тәуелсіздік» күніне орай Шымкент қалалық орталық емханасының бас дәрігерінің алғыс хатымен марапталдым.
2017 жылы Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталдым.
2018 жылы Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай ОҚО Денсаулық сақтау басқармасынан «Алғыс хат» марапатталдым.
2019 жылы «Нұр-Қуат» қоғамдық бірлестігінің «ЕЛ ҚҰРМЕТІ» орденімен марапатталдым.
2022 жылы Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының шешімімен Денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» орденімен марапатталдым.
2024 жылы «Әділ билер» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Ел сенімі» медалімен марапатталдым.
2024 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталдым.
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"Мекен-жайы:
Email:
Регистратура:
РК, г. Шымкент, мкрн.Самал-3, ул. Аль-Фараби, 230
shgp6@mail.ru
39-51-67
39-54-22