about us icon Біз туралы

Басшылық

head doctor photo

Жораев Дастан Жаксыбаевич

заместитель главного врача по контролю качества медицинских услуг

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"

 Мен, Жораев Дастан Жақсыбайұлы, 10 шілде 1991 жылы Оңтүстік  Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданы, Ш. Ділдәбеков ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Мақтарал ауданы, Ш. Ділдәбеков ауылындағы Н. Исмаилов атындағы жалпы орта мектебін 2008 жылы бітірдім.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясына «Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы» бойынша оқуға түсіп,    2014 жылы оқу орнын бітірдім.

2018-2020 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша бітірдім. «Магистр» дәрежесі берілді.

Ата – анам: әкем – Жораев Жақсыбай Сапарханұлы, 2 қаңтарда 1963 жылы Мақтарал ауданы, Ш. Ділдәбеков ауылында дүниеге келген, 2004 жылы дүниеден өтті.

Анам – Құдайбергенова Эльмира Өтепбергенқызы, 12 қазанда 1965 жылы Мақтарал ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген, жұмыс орны зейнетақы төлеу орталығында жұмыс істейді.

Қарындасым – Сапархан Құрманай Жақсыбайқызы, 26 наурызда 1999 жылы, Мақтарал ауданы, Ш. Ділдәбеков ауылында дүниеге келген.

Келіншегім – Сыдыкова Ляйла Бердибековна, 28 қараша 1990 жылы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дүниеге келген.

Қызым – Жақсыбай Зере Дастанқызы, 5 қыркүйек 2020 жылы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2015 жылы бастадым. Еңбек өтілім 9 жыл, 6 ай.

2015-2016  жылдары № 8 Шымкент қалалық емханасында. Дәрігер статистик;

2016-2017  жылдары ШЖҚ «№ 3Шымкент қалалық  емханасы» МКК-да  дәрігер статист;

2017-2019  жылдары ШЖҚ «№ 10 Шымкент қалалық  емханасы» МКК-да  СӨСҚ дәрігері;

2018-2022 жылдар аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының цифрландыру бойынша штаттан тыс бас маманы;

2019-2020 жыл аралығында  ШЖҚ «Шымкент қалалық №13 емханасы» МКК-да  СӨСҚ бөлімінің меңгерушісі;

2020-2022 жылдары ШЖҚ «Шымкент қалалық №6 емханасы»               МКК-да СӨСҚ бөлімінің меңгерушісі;

2022-2023 ж.ж. ШЖҚ «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы»             МКК-да СӨСҚ дәрігері қызметтерін атқардым;

Ал 2023 жылдың сәуір айынан бастап ШЖҚ «№6 қалалық емханасы»      МКК-да сарапшы дәрігер, статист маманы қызметтерін атқардым. Қазіргі уақытта аталған емханада бас дәрігердің медициналық қызметтің  сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметін атқарамын.

Еңбек жолында денсаулық саласына қосқан  еңбегі үшін бірнеше Алғыс хаттармен, Мадақтама грамоталарымен марапатталдым.

Отбасылымын. 1 қызым бар.

Мекен жайым: Шымкент қаласы “Нұрсәт” мөлтек ауданы, 86 үй,

1 пәтер.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"

Мекен-жайы:

Email:

Регистратура:

РК, г. Шымкент, мкрн.Самал-3, ул. Аль-Фараби, 230

shgp6@mail.ru

39-51-67
39-54-22

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 45-20-93
Медициналық мекеменің байланыс орталығы
phone icon 45-23-21
Регистратура