about us icon Біз туралы

Басшылық

head doctor photo

Кылышбаева Айгуль Орынбасаровна

Бас дәрігер

Акушер-гинеколог

Задать вопрос Руководителю

Мен, Кылышбаева Айгуль Орынбасаровна, 1977 жылы 04 мамырда Оңтүстік Қазахстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында  дүниеге келдім.

1983-1994 жылы Отырар ауданы, Жамбыл орта мектебін «Алтын белгімен» бітірдім.

1994-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академияның  «Емдеу ісі» факультетінің «Дәрігер» мамандығы бойынша аяқтадым.

2000-2001 жыл аралығында №1 Облыстық перинаталдық орталығы басазысна «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша тағылымдамадан өттім.

2017-2020 жылдары Шымкент университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

2021-2023 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Іскерлік басқару MBA» мамандығы бойынша бітірдім. «Магистр» дәрежесі берілді.

Еңбек жолын 2001 жылдан бастадым.  Еңбек өтілі 20 жыл, 10 ай.

2001-2012 жылдар аралығында ХҚТУ клиникасында акушер-гинеколог  қызметін атқардым.

2012-2014 жылдары №2 қалалық емханада акушерия и гинекология бөлім меңгерушісі қызметін атқардым.

2015-2017 жылдары Шымкент қалалық орталық емханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

2017-2020 жылдары қалалық перинаталдық орталығында тренинг орталығының директоры қызметін атқардым.

2020 жылы №13 қалалық емханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

Қазіргі таңда 2020 жылдың қараша айынан бастап №6 қалалық емханада бас дәрігер қызметін атқарудамын.

Әр 5 жыл көлемінде біліктілікті арттыру мақсатында білімін жетілдіріп отырамын.

«AMANAT» партиясының білім және денсаулық сақтау жүйесі бойынша қоғамдық мүшесімін.

Шымкент қалалық әйелдер форумы мүшесімін.

2022 жылдан бастап «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебі» жобасының бағдарламасы бойынша «Қазақстан әйелдер Альянс күштері» мүшесімін.

Еңбек жолында денсаулық саласына қосқан  еңбегі үшін  бірнеше Алғыс хаттармен, Мадақтама грамоталарымен марапатталдым.

«Үздік ұйымдастырушы» диплом иегері.

2021 жылы Шымкент қаласы  әкімінің «Алғыс хаты».

2023 жылы Шымкент қаласы әкімінің «Алғыс хаты».

«Ерен еңбегі үшін» төсбелгі.

2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекесіне орай Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Халық алғысы» медалі.

2021 жылы «AQNIET» кәсіптік одағының «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне   30 жыл» медалі.

2022 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталдым.

Отбасы жағдайым, тұрмыстамын, 4 баланың анасымын.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"

Мекен-жайы:

Email:

Регистратура:

РК, г. Шымкент, мкрн.Самал-3, ул. Аль-Фараби, 230

shgp6@mail.ru

39-51-67
39-54-22

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 45-20-93
Медициналық мекеменің байланыс орталығы
phone icon 45-23-21
Регистратура