about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз

ЕГЕР СІЗ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕҢІЗ ЖӘНЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ,МӘРТЕБЕНІ БІР ЖЫЛҒА ҚАЛАЙ АЛА АЛАСЫЗ?

5, Тамыз 2025

ЕГЕР СІЗ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕҢІЗ ЖӘНЕ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН БОЛСАҢЫЗ,МӘРТЕБЕНІ БІР ЖЫЛҒА ҚАЛАЙ АЛА АЛАСЫЗ?

Бұрын жүйеде «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.

Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.

📌 Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден жеке-жеке төленуі тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.

Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.

🏦 Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"

Мекен-жайы:

Email:

Регистратура:

РК, г. Шымкент, мкрн.Самал-3, ул. Аль-Фараби, 230

shgp6@mail.ru

39-51-67
39-54-22

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 45-20-93
Медициналық мекеменің байланыс орталығы
phone icon 45-23-21
Регистратура