Руководство
Култасова Маржана Бахытжановна
Заместитель главного врача по экономическому и административно-хозяйственному обеспечениюГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"
Култасова Маржана Бахытжановна, 1988 жылы 29 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
1996-2003 жылдар аралығында №24 орта мектебін аяқтады.
2004-2007 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан құқық салалық технологиялар колледжінің «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, «Экономист-бухгалтер» біліктілігі берілді.
2014-2015 жылдар аралығында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Есеп және аудит» мамандығы бойынша «Экономика және бизнес» бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
2017-2019 жылдары Шымкент университетінде «Экономика» мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2007 жылдан бастаған. Еңбек өтілі 13 жыл 4 ай.
2008-2012 жылдар аралығында «Облысық наркологиялық диспансер» МКҚК-да материалдық есепші, экономист, есеп айырысу бухгалтері қызметін атқарды.
2012-2013 жылдар аралығында ОҚО әкімиятының «№3 Шымкент отбасылық дәрігерлік емханасы» МКҚК-да есепші қызметіне қабылданды.
2013-2018 жылдар аралығында Шымкент қалалық орталық емханасында бас есепші қызметін атқарды.
Біліктілігін жетілдіріп отырады. 2020 жылғы 24 шілдеде Қоғамның аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау бойынша Қазақстанның аудиторлық ұйымдары мен аудиторларының қауымдастығы жеке мекемесінің шешімімен «Аудитор» квалификациясы берілді. 2012 жылғы 07 шілде Сертификат «Кәсіби есепші» атты сертификат берілді
Жанұялы. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде. Жұмысқа өте жоғары жауапкершілікпен қарайды және алдына қойылған белгілі мақсатты толық орындайды. Қызметін толық менгерген маман. Орыс толық меңгерген.
Контакты
ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №6"Адрес:
Email:
Регистратура:
РК, г. Шымкент, мкрн.Самал-3, ул. Аль-Фараби, 230
shgp6@mail.ru
39-51-67
39-54-22